Бүгін, 7 қыркүйекте бес боксшымыз Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында ел намысын қорғайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ерлер арасында шаршы алаңға Махмұд Сабырхан (55 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) шығады. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг) мен Наталья Богданова (70 кг) өнер көрсетеді.
Олардың жекпе-жегін Qazsport арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Күндізгі сессия (15:00, Астана уақыты бойынша)
Кешкі сессия (22:00)
Айта кеткен жөн, Ливерпульдегі бұл турнир – World Boxing ұйымы аясында өтіп жатқан алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты.