Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан елордадағы әлем кубогының ширек финалында техникалық нокаутпен жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта Филиппин өкілі Джуд Аарон Бадомен қолғап түйістірді.
ҚР ҰОК мәліметінше, Махмұд жекпе-жек барысында қарсыласын төрт рет нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға өтіп, кем дегенде әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.