in

Мағжан Шамшадин дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Мағжан Шамшадин Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/4 финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 60 келіге дейінгі салмақта Бельгия өкілі Йорре Верстратенмен кездесті.

Нәтижесінде Мағжан бір ұпай айырмашылығымен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Сондай-ақ 48 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз Әбиба Әбужақынова да ширек финалға жолдама алды.