in

Месси MLS-та қатарынан бесінші рет дубль жасады

Лионель Месси АҚШ-тың Major League Soccer (MLS) чемпионатында қатарынан бесінші ойында дубль жасады.

Соңғы бес матчта аргентиналық футболшы 10 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Оның командасы — «Интер Майами» — осы ойындардың ешқайсысында жеңілген жоқ.

«Нэшвиллға» қарсы өткен соңғы ойында Месси екі голмен көзге түсті. Бірінші голын айып соққысынан, екіншісін қақпашының қатесінен кейін соқты. Қазіргі таңда футболшының активінде MLS маусымында 16 гол және 8 нәтижелі пас бар.