Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұрымды бокшымыз 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.
ҚР ҰОК мәліметінше, ширек финалда отандасымыз украиналық Анна Охотамен қолғап түйістірді.
Назым Қызайбай алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Нәтижесінде, еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатында кем дегенде қола медаль алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.