in

Назым Қызайбай финалға шықты

Боксшы Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды. 48 келі салмақта отандасымыз жапониялық Хикару Шинохараны жеңді.

Еске салайық, отандасымыз ширек финалда өзбек қызы Фарзона Фазилованы жеңген болатын.

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы, бокстан әйелдер командасының көшбасшысы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.