in

Наталья Богданова бокстан әлем кубогының ширек финалына өтті

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова елордада өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде 1/4 финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҰОК мәліметінше, отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта үндістандық Чану Тхокчоммен кездесті.

Жекпе-жек тартысқа толы болды. Нәтижесінде, үшінші раундта басымдық танытқан Наталья Богданова келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш турнирде Назым Қызайбай (48 келіге дейін) мен Анель Сағыш (54 келіге дейін) жеңіске жеткен болатын. Өкінішке қарай, Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) жарысты аяқтады.