in

Наталья Богданова – әлем кубогы кезеңінің чемпионы атанды

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Наталья финалда Лекейша Перголитимен (Аустралия) өзара мықтыны анықтады. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медаль түсті. Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін) және Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңіске жеткен еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.