Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоудың өтінішімен таэквондо дәстүріне сай тақтай сындырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Ақордада Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдады.
Бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті Тоқаевқа ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.
Сондай-ақ Президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырып, Чунгвон Чоудың өтінішімен таэквондо дәстүріне сай тақтай сындырды.