in

«Реал Мадридті» жеңсе, барлық ойыншыға көлік сыйлаймын»: Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубына қолдау білдірді

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубына қолдау білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол команда «Реал Мадридті» жеңсе, барлық ойыншыға автокөлік сыйлайтынын айтты.

Кәсіпкердің видеоүндеуін жұбайы, продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде жариялады.

«10 күннен кейін сүйікті «Қайрат» клубымыз «Реалмен» ойнайтынын білеміз. Сондықтан республика патриоты ретінде әрі туған күнім қарсаңында «Қайрат» жеңсе, барлық ойыншыға автокөлік сыйлауға уәде беремін. Алматы – әлемнің астанасы, «Қайрат» – чемпион!», – деді Тұрсын Алагөзов.

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы биыл 30 қыркүйекте «Реал Мадридті» өз алаңында қабылдайды.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.