Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен Ла Лиганың 11-тур ойынында «Реал Мадрид» өз алаңында «Валенсияны» 4:0 есебімен ойсырата жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Килиан Мбаппе дубль жасап, алғашқы голын пенальтиден соқты, ал екінші допты тамаша шабуыл нәтижесінде қақпаға дарытты.
Ойынның алғашқы жартысында-ақ мадридтіктер басымдығын толық дәлелдеді: Джуд Беллингем үзіліске дейін есепті 3:0-ге жеткізді. Екінші таймда ойынның қарқыны бәсеңдегенімен, «Реал» өз үстемдігін сақтап қалды. 82-минутта Альваро Каррерас соңғы нүктені қойып, команданың сенімді жеңісін бекітті.
Бұл жеңіс «Реал Мадридке» турнир кестесінде көшбасшылықты нығайтуға мүмкіндік берді. Қазір олар 30 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал «Валенсия» қатарынан алтыншы ойында жеңіске жете алмай, турнирдің ортаңғы бөлігінде қалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз
