Қазақстан құрамасының спорттық құзға өрмелеу өкілі Ришат Хайбуллин Алматыда өткен Азия кубогының кезеңінде жеңіске жетті.
Отандасымыз “жылдамдық” дисциплинасында үздік атанды.
Финалда Хайбуллин жапон спортшысы Цукики Онишиді ұтты. Ал үшінші орынға тағы бір жапон спортшысы Рё Омаса ие болды.
Әйелдер арасында Анна Баларшина топ жарып, финалда жерлесі Тамара Олжабаеваны артта қалдырды. Үшінші орынға қазақстандық Аделия Өтешева көтерілді.