in

Рыбакина АҚШ-тағы турнирде жеңілсе де, 30 миллион теңге сыйақы алды

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында канадалық Лейла Фернандеске есе жіберді. Бұл туралы Tengri Sport хабарлады.

Финал жолдамасына өткен тартысты матч үш сетке созылды. Кездесу қорытындысы: 6:7, 7:6, 7:6 — Фернандестің пайдасына аяқталды. Әлемнің 36-ракеткасы саналатын канадалық теннисшіге қарсы ойында Рыбакина күтпеген жеңіліске ұшырады.

Еленаның турнирге қатысқаны үшін ол 71 205 АҚШ доллары, яғни шамамен 30 миллион теңге тапты. Сонымен қатар, Рыбакина 195 рейтингтік ұпай жинап, WTA Live рейтингінде 12-орнын сақтап қалды.