in

Тарихи жетістік: Заңғар Нұрланұлы US Open Juniors турнирінің жартылай финалына шықты

17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы US Open Juniors турнирінің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық теннисші 1/4 финалда ресейлік Тимофей Дерепасконы 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы – Қазақстаннан жасөспірімдер арасында осындай жетістікке жетіп отырған бірінші спортшы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.