in

Тарихи жеңіс: қазақстандық құтқарушылар әлемдік аренада топ жарды

Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының «Жекпе-жек» дисциплинасы бойынша жарыстың екінші күнінде Қазақстан ТЖМ қызметкерлері үздік нәтиже көрсетіп, халықаралық аренада жүлделі орындарға ие болды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мария Чеботарева –  алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды. Ол жоғары деңгейдегі дайындықты, жеңіске деген жігерді және жауынгерлік рухты айқын көрсетті.

Аружан Биркинбаева мен Томирис Жүсіпова күміс жүлдені жеңіп алып, Қазақстан әйелдер құрамасының жоғары деңгейін дәлелдеді.

Сонымен қатар Сергей Уолтер мен Владимир Демьянов «Өзін-өзі қорғау» дисциплинасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан ТЖМ қызметкерлері тарихта тұңғыш рет қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды.

–  Бұл жай ғана спорттық жетістік емес, бұл құтқарушылардың кәсіби және дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейін растайтын маңызды жетістік, –  деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.