in

Тарихи нәтиже: қазақстандық спортшылар биыл 912 медаль жеңіп алды

Қазақстан әлемдік спорттық аренадағы беделін нығайтып келеді. 2025 жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жерлестеріміз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, федерациялардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса, ұлттық құрамаға шетелдік мамандардың келуі және жаңа әдістемелердің енгізілуі де маңызды рөл атқарды.

Биылғы маусымдағы негізгі тарихи жеңістер:

Отандастарымыз командалық спорттық туризм бойынша да маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, «Қайрат» футбол клубы алғаш рет өз тарихында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті және УЕФА чемпиондар лигасының күміс жүлдегері атанды.

Сегіз айдағы жетістіктер – отандық спорттың қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Алда спортшыларды Милан-2026 қысқы Олимпиада ойындарына дайындықпен байланысты аса маңызды маусым күтіп тұр, мұнда әр жарыстың өз ерекшелігі бар. Осындай жетістіктер мен алдағы жоспарлар Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығындағы беделін әрі қарай нығайтуға мықты негіз болмақ.