Елена Рыбакина WTA турындағы жекелей сында 10‑шы титулын жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA‑500 сериясындағы турнирдің финалында әлемнің тоғызыншы ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 10‑орында тұрған ресейлік Екатерина Александрова кездесті.
Тартысты да әсерлі матчте қазақстандық теннисші қарсыласын 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңіп, мансабындағы 10‑шы WTA титулын (оның ішінде екі WTA 1000 трофейі мен бір “Үлкен дулыға” – Уимблдон жүлдесі бар) иеленді.
Осылайша Рыбакина жекелей сында мұндай нәтижеге жеткен тұңғыш қазақстандық теннисші атанды.