in

Темірлан Анарбеков «Қайрат» командасына қолдау білдіруге келді

Темірлан Анарбеков «Қайрат» командасына қолдау білдіруге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan Ұлттық  Телеарнасына сілтеме жасап.

Алматылық ұжымды Чемпиондар Лигасына шығаруға себеп болған қақпашы бүгін «Реал Мадридке» қарсы ойында жарақатына байланысты алаңға шықпайды.

Айта кетейік, Алматыда көптен күткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы басталды.

Ойынның 25-минутында Реал Мадрид есеп ашты.  Килиан Мбаппе пенальтиден гол соқты.

«Реал Мадрид» осылайша 1:0 есебімен алға шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.