in

Теннисші Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Данилина жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының ширек финалында бірінші нөмірлі жұп – чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Анна мен Александра Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери және жапониялық Эри Ходзумимен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.