in

Төрехан Сабырхан бокстан алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапында өнер көрсететін Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Былғары қолғап шебері 70 келіге дейінгі салмақта кем дегенде қола медаль иегері атанды.

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз ширек финалда франциялық Макан Траорені айқын басымдықпен жеңді. 

Осылайша, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

13 қыркүйек күні Төрехан Моңғолия-Англия жұбында үздік шыққан боксшымен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.