in

Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ӘЧ-2025 дебютін жеңіспен бастады

Қазақ боксшысы алғашқы жекпе-жегінде-ақ сенімді өнер көрсетіп, 1/16 финалда алжирлік Юсуф Яичені 3:1 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Аikyn.kz  

Алғашқы раундта Төрехан 3:2 есебімен басым түсті. Шешуші үшінші раундта қарсыласына екі рет нокдаун жасатып, төрешілерден бірауыздан — 5:0 жеңіс алды

Осылайша жас спортшы ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

Келесі айналымда Төрехан Сабырхан Нидерланд боксшысы Роберт Боспен кездеседі. Ол 1/16 финалда үндістандық Хитешті 4:1 есебімен сенсациялық жеңген еді.