in

Футболдан әлем чемпионатында Марокко Нидерланд құрамасын жеңіп, келесі кезеңге өтті

Марокко құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Нидерланд құрамасын жеңді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Марокко мен Нидерланд арасындағы тартысты кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Коди Гакпо Нидерландты алға шығарса, матчтың 90+1 минутында Исса Диоп есепті теңестіріп, ойынды пенальти сериясына жеткізді.

Пенальти сериясында марокколықтар 3:2 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Енді Марокко 1/8 финалда турнир қожайындарының бірі Канада құрамасымен кездеседі. Матч 4 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.