in

Футболдан ӘЧ-2026: 1/8 финалда Португалия мен Испания құрамалары кездесетін болды

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалы аясында өткен кездесуде Испания құрамасы Австрияны ірі есеппен жеңсе, Португалия құрамасы соңғы сәтте Хорватиядан жеңісті жұлып алды. Енді екі команда 1/8 финалда кездеседі, деп хабарлайды astana24.com.

Испания мен Австрия арасындағы матч АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы "Соу-Фай" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.

Кездесуде соғылған үш голдың екеуін ойынның 36 және 89-минуттарында шабуылшы Микель Оярсабал салса, тағы бір голды 66-минутта қорғаушы Педро Порро соқты.

Осылайша, Испания құрамасы 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті.

Ал Португалия мен Хорватия арасындағы матч Канаданың Торонто қаласындағы "Бимо Филд" стадионында өтіп, 2:1 есебі тіркелді.

Кездесуде алғаш болып 53-минутта хорватиялықтар есеп ашты. Гол авторы – жартылай қорғаушы Иван Перишич.

Ойынның 68-минутында португалиялық шабуылшы әрі команда капитаны Криштиану Роналду пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді.

90+4 минутта португалиялық шабуылшы Гонсало Рамуш тағы бір гол салып, матчтың тағдырын шешті.

Айта кетейік, екінші таймға қосылған 13-минутта хорватиялықтар есепті теңестірген еді, бірақ VAR жүйесінің көмегімен офсайд екені анықталды. Осылайша, қорғаушы Йошко Гвардиолдың соққан голы есепке алынбады.

1/8 финалда Португалия мен Испания өзара мықтыны анықтайды. Бұл матч Қазақстан уақыты бойынша 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні өтеді.