in

Футбол: «Ордабасы» «Торпедодан» жеңіліп қалды

«Ордабасы» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Кутаиси қаласында өткен матчта шымкенттіктер Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасына есе жіберді.

Бұл ойында ұлттық құраманың жігіттері Бекхан Шайзада, Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов және Муроджон Халматов алаңға шықты.

Футбол федерациясы мәліметінше, қарымта матч 17 шілде күні Шымкентте өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.