in

Халықаралық «Ұлы дала жорығы – 2025» бәйгесінің бесінші кезеңінің жеңімпазы анықталды

24 қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бесінші кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. Таңертең 11 команда жорықты жалғап Қостанай облысы Амангелді ауданынан шығып, Арқалық қаласының маңына келіп тоқтады.

Бесінші кезең 450 шақырымның қорытындысы бойынша, Қырғызстанның бірінші командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысының командасы екінші, Қостанай облысы бірінші командасы үздік үштікті түйіндеді.    

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі б есінші кезең 45 0 шақырым нәтижесі:

 

Команда

атауы

 

Уақыт

1

  Қырғызстан-1

23:37:01

 

2

Ақтөбе облысы

 

24:16:56

3

Қостанай облысы-1

 

24:30:24

4

Ұлытау облысы

 

25:05:53

5

Маңғыстау облысы-Көкмойнақ

 

25:10:09

6

Қостанай облысы-2

 

27:09:25

7

Алматы облысы

 

27:40:05

8

Маңғыстау облысы-Суын

 

28:30:06

9

ШҚО

 

Жарыстан шығып қалды

10

 

Астана қаласы

Жарыстан шығып қалды

11

 

Жетісу облысы

Жарыстан шығып қалды

12

 

Алматы қаласы

Жарыстан шығып қалды

 

13

 

Қабардин-Балқар

( РФ )

Жарыстан шығып қалды

 

14

 

Қырғызстан-2

Жарыстан шығып қалды

 

15

 

Абай облысы

Жарыстан шығып қалды

16

 

          Бірлік командасы

 

Жарыстан шығып қалды

17

Атырау облысы

Жарыстан шығып қалды

18

БҚО

Жарыстан шығып қалды

Бүгінгі күн, яғни 100 шақырымда Қырғызстанның бірінші командасы  топ жарды. Күннің үздігі атанып арнайы кубокқа ие болды.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25 қыркүйек, яғни ертең Қостанай облысы Арқалық қаласының  маңында мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталады. Арнайы марапаттау рәсімі өтеді.

Қолдау көрсетушілер: «AMANAT» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі

Жобаның басты серіктесі: Sport Qory спортты дамыту қоры, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы,

Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.

Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.

«Ұлы дала жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.