Маусым қорытындысы бойынша Астана әкімдігіне қарасты №10 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған шайбалы хоккей спорт мектебі «Қазақстан Республикасындағы үздік хоккей мектебі» атағын иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Марапаттау рәсіміне Қазақстан хоккей федерациясының өкілдері Сергей Радюк пен Ринат Нұрахметов, сондай-ақ мектеп директоры Диас Маржікпаев қатысты.
Федерация елордалық мектептің жетістіктерін атап өтіп, бапкерлерге, спортшыларға және ата-аналарға адалдығы, командалық рухы мен қазақстандық хоккейдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
«Бұл жоғары марапат – біз үшін үлкен мәртебе. Ол жас хоккейшілерді тәрбиелеу, жүйелі жұмыс жүргізу және команданың республикалық деңгейдегі жетістіктерінің мойындалуы болып табылады», – деді мектеп директоры Диас Маржікпаев.
Айта кетейік, өткен маусымда елордалық команда Республикалық Jastar Hokei Lygasy-да сенсациялық түрде чемпион атанған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.