in

Қазақстандық гимнастар Challenge Cup турнирінің финалына 6 жолдама алды

Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирі аясында іріктеу кезеңі аяқталды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Екі күнге созылған іріктеу нәтижесінде қазақстандық гимнастар финалға алты жолдама алды.

Дмитрий Патанин сақиналар мен қоссырықтағы жаттығуларда жүлде үшін бақ сынайды.

Зейнолла Ыдырысов пен Диас Тойшыбек ат снарядындағы жаттығудың ақтық кезеңінде өнер көрсетеді.

Алтынхан Темірбек қол тіреп секіру жаттығуының іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Ал Ілияс Әзізов қоссырықтағы жаттығуда финалға шықты.