Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша әлемдегі ең беделді олимпиададан төрт қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz .
Ерсұлтан Қайыркен – Павлодар облысындағы “Білім-инновация” лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Айғаным Балташева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Әлихан Әшірханов – Алматы қаласындағы “Білім-инновация” лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.
Команданың ғылыми жетекшілері – отандық ғылымды белсенді дамытып жүрген жас биолог-ғалымдар Лейла Асқарова мен Ілияс Сакимов.
IBO-2025 олимпиадасы екі кезеңнен тұрды:
1.Теориялық тур – молекулалық және жасушалық биология, генетика, экология, эволюция және биожүйелеу бойынша күрделі есептерді шешу.
2.Практикалық тур – зертханалық жұмыстар, микроскопия үлгілермен жұмыс істеу және биологиялық процестерді талдау.
Қазақстан 1994 жылдан бері IBO олимпиадасына қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 2 алтын, 18 күміс және 56 қола медаль, сондай-ақ 12 құрмет грамотасын жеңіп алды.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстан бұл олимпиаданы өзі қабылдап, тағы да 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.