Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP №24) АҚШ-та өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің төртінші кезеңіне шықты.
Үшінші айналымда ол америкалық Томми Полды (ATP №14) 7:6(5), 6:7(4), 6:3, 6:7(5), 6:1 есебімен жеңді. Бұл Бублик пен Полдың кәсіби турнирлердегі жетінші ойыны болды, жалпы есепте америкалық әзірге алда (5:2).
Бублик алғашқы екі кезеңде хорват Марин Чиличті және аустралиялық Тристан Скулкейтті бірдей 3:0 есебімен ұтқан. Ал Томми Пол датчанин Элмер Мюллерді (3:0) және португалдық Нуно Боржешті (3:2) жеңіп үшінші кезеңге шыққан еді.
Бұл нәтиже – Бубликтің US Open турниріндегі үздік жетістігі. Бұған дейін ол 2019 жылы үшінші кезеңге дейін жеткен болатын.
Келесі қарсыласы – әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер.