Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем Кубогының 5-кезеңі жалғасып жатыр. Қазақстан ерлер құрамасының өкілдері Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда үздік үштікке енді, деп хабарлайды Қазақпарат.
1-орын. Гамлет Манукян (Армения) – 14.733
2-орын. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.600
3-орын. Нариман Курбанов (Қазақстан) – 14.000
Сондай-ақ Зейнолла Ыдырысов 5 әлем Кубогының қорытындысы бойынша, жалпы есепте топ жарды. Отандасымыз Хорватиядан бөлек, Түркия, Мысырда бәсекелерде де күміс жүлде алған болатын.
Айта кетейік, Осиектегі әлем Кубогы кезеңіне 50 елден 130 спортшы қатысып жатыр.
