in

Қазақстан еркін күрестен әлем чемпионатында екінші орынға тұрақтады

Жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама еншісіне түскен жүлделер:

Едіге Қасымбек (125 келі) – алтын медаль;

Камиль Куруглиев (92 келі) – күміс;

Нұрданат Айтанов (57 келі) – қола;

Досжан Құлғайып (74 келі) – қола;

Самир Дурсунов (97 келі) – қола.

Осылайша, қазақстандық балуандардың қоржынында – 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль бар.

Чемпионатта енді әйелдер күресі сарапқа салынады, ал кейінірек грек-рим күресінің шеберлері ел намысын қорғайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.