Билли Джин Кинг командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан теннис құрамасы ширек финалда АҚШ командасына қарсы ойнайды.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Жапония мен Ұлыбритания арасындағы кездесуде жеңіске жеткен құрамамен өзара бақ сынайды.
Сондай-ақ ширек финалда Украина құрамасы Испаниямен, ал Италия құрамасы Қытаймен кездеседі.
Командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңі 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.