Қытайда өткен волейболдан (U21) жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет қатысып, жарысты 14-орынмен аяқтады.
Цзяньмынь қаласында жексенбі күні өткен соңғы матчта қазақстандықтар 13-орын үшін Мысыр құрамасымен кездесіп, үш сетте ұтылды (22:25, 19:25, 28:30).
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы турнир кестесінде 24 елдің ішінде 14-орынға табан тіреді.
Чемпиондық атақты Иран құрамасы қорғап қалды. Күміс жүлдені Италия командасы иеленсе, қола медаль АҚШ құрамасына бұйырды.