in

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы АОК Бас ассамблеясына қатысты

Жаңадан сайланған Халықаралық олимпиадалық комитетінің президенті Кирсти Ковентри мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) басшысы Витольд Банька жиын барысында қатысушыларға ыстық ықыласын білдірді. Олар адал ойынның, халықаралық ынтымақтастық пен түрлі деңгейдегі өзара байланысты нығайтудың маңызын ерекше атап өтті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

“Азия әрдайым Олимпиада қозғалысында және менің жүрегімде ерекше орынға ие. Бұл – қарқыны жоғары, жігерге толы, инновациялар мен ұмтылыстарға бай аймақ. Сіздер Олимпиадалық қауымдастықтың маңызды бөлігі ғана емес, оның болашағында да шешуші рөл атқарасыздар”, – деді Ковентри.   

Жиын барысында аймақтағы олимпиадалық және спорттық қозғалысты дамытуға қатысты негізгі мәселелер қаралды. 

Сонымен қатар АОК басшылығының, тұрақты комитеттердің және алдағы ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру комитеттерінің есептері қарастырылды. Атап айтқанда, 2026 жылғы Айти-Нагоядағы Азия ойындары, 2029 жылғы Неомдағы қысқы Азия ойындары, 2026 жылғы Эр-Риядтағы жабық кешендегі және жекпе-жек спорт түрлерінен Азия ойындары, сондай-ақ 2025 жылы Бахрейнде өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары туралы ақпараттар ұсынылды.

Бұдан бөлек, қатысушылар АОК-нің қаржылық есебін бекітіп, келесі Бас ассамблеяның өтетін күнін және орнын белгіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.