Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы Төрехан Сабырхан бүгін марапат алғандағы әсері жайлы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол өзіне қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс білдірді.
«Ағамның артынан еріп боксқа қатыса бастағанымда чемпион боламын, топ жарамын деген мақсат болды ғой. Бірақ жиырмаға толмай «Құрмет» алуды ойламаған едім. Алланың маңдайға не жазғанын пендесі біле бермейді ғой. Бүгін сол алдын ала ойламаған, бірақ кеуде кернеп, қуаныш қойынға сыймай тұрған күндердің бірі болды. Ел Президентінің қолынан марапат алдық. Ағам да, өзім де. Бұл марапат бізге ары қарай жігер беретін, бізден кейін өсіп келе жатқан жігіттерге шабыт сыйлайтын сәт болды деп ойлаймын. Еңбектің еленгені, маңдай тердің ақталғаны кімге болсын, үлкен мәртебе. Осы жолда қолдаған отбасыма, жанкүйер – қазақ елі сіздерге, командалас бауырларыма алғысым шексіз!» – деді боксшы.
Айта кетейік, бұл – боксшының ересектер арасындағы алғашқы жарысы.
Президент бокстан әлем чемпиондарын «Құрмет» орденімен марапаттады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.