Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әскери қызметшілер арасындағы тұңғыш CISM әлем чемпионатында елордалық балуан, 66 келі салмақ дәрежесінде белдескен Әшім Сағындық чемпион атанды. Финалда ол Өзбекстан спортшысын айқын басымдықпен ұтып, алтын медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Жарыс бағдарламасында 16 салмақ дәрежесі қарастырылған: ерлер арасында – 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келі, әйелдер арасында – 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77 және +77 келі.
Чемпионатты Астана қаласы әкімдігінің және Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті және Qazaq Kuresi қауымдастығы бірлесіп ұйымдастыруда.
Дүбірлі дода 15 тамызға дейін жалғасады. Жанкүйерлер сайыстарды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.