in

«Қайраттың» негізгі қақпашысы клубтан кететіні рас па?

Алматылық “Қайрат” футбол клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий командадан кетпек, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл ақпаратты спорт журналисі Елдар Аманбаев өзінің Telegram арнасында мәлімдеді.

Журналистің мәліметінше, “Қайрат” тәжірибелі қақпашымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдаған.

  “Александр Заруцкий “Қайраттан” кетеді. Чемпион клуб тәжірибелі ойыншымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. ҚПЛ-дың қай клубы қақпашыны өз қатарына қосқаны дұрыс деп ойлайсыздар?” – деп жазды Аманбаев.

Айта кетейік, маусым басында Заруцкий “Қайраттың” негізгі тірегіне айналып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдерінде қақпаны сенімді қорғаған еді. Бірақ “Селтикке” қарсы матч кезінде ол ауыр жарақат алып, оның орнына жас қақпашы Темірлан Анарбеков шықты.

Бірақ аталған ақпаратқа қатысты клуб та ресми ақпарат берді.

– Бұл –  жалған ақпарат, сенбеңіздер. Александр командамен бірге Чемпиондар лигасының ойындарына дайындалып жатыр, ешкім келісімшартты бұзу туралы мәселе көтерген жоқ, –  деп мәлімдеді «Қайрат» футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев.