Алматылықтар «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 52-минутта Дастан Сатпаев соқты.
18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза 13-минутта ойынға қосылып, қақпасын голсыз сақтап қалды.
Сонымен, «Қайрат» 49 ұпаймен көш бастап тұр. «Астана» мен «Елімай» арасындағы тартысты матч 3:3 есебімен аяқталды.