in

«Қайрат» бас бапкері Темірлан Анарбековтің Еуропаға ауысуы жайлы пікір білдірді

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашы Темірлан Анарбековтің еуропалық клубқа ауысу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Championat.com сілтеме жасап хабарлады.

Бапкердің айтуынша, Анарбековке өз күшін мықтырақ лигада сынап көру маңызды қадам болар еді. Оның пікірінше, Темірлан әр матчта өз мүмкіндігін көрсетіп жүр, ал жоғары деңгейде ойнаса, кәсіби тұрғыда одан әрі өседі.

– Темірлан қақпашы ретінде әлі жас. Егер Еуропаға баруға мүмкіндік туса, бір клуб назар аударып, шақырса, бұл өте жақсы болар еді. Қазіргі таңда «Қайратқа» нақты ұсыныстар түсті деп айта алмаймын. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында еуропалық клубтардың қызығушылығы бар екені жазылып жатыр, — деді Рафаэль Уразбахтин.

 

Айта кетейік, соңғы уақытта Темірлан Анарбековтің есімі еуропалық клубтармен жиі байланыстырылып жүр.