КПЛ-дың 22-туры аясында «Қайрат» «Оқжетпесті» 1:0 есебімен жеңіп, «Астананы» қуып жетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
8-минутта жалғыз голды португалиялық Жоржиньо соқты. Бұл оның чемпионаттағы 8-голы болып саналады. Осылайша ол Дастан Сәтпаевты қуып жетті.
Қазір «Қайраттың» еншісінде 46 ұпай бар, бұл «Астананың» көрсеткішімен тең. Үшінші орында – 44 ұпайы бар және бір ойыны қордағы «Тобыл». Ал «Оқжетпес» 32 ұпаймен алтыншы сатыда тұр.
Айта кетейік, 24 мамырда көкшетаулықтар бірінші айналымда Алматыда «Қайратты» 2:1 есебімен жеңген еді.
Келесі матчты «Қайрат» 14 қыркүйекте Алматыда «Ақтөбеге» қарсы өткізеді. Ал 19 қыркүйекте алматылық клуб Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде Португалияда «Спортингке» қарсы дебюттік ойынын өткізеді.