in

«Қайрат – Реал Мадрид» матчының бас комментаторы кім болатыны анықталды

Блогер Артур Аскарұлы «Қайрат – Реал Мадрид» ойынының комментаторы болады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Алматының танымал спорт блогері, желіде archibaaalt атымен белгілі Артур Аскарұлы «Қайрат – Реал Мадрид» футбол матчының комментаторы болатынын жазып, қуанышын қойнына сыйдыра алмаған.  

Еске сала кетейік, 26 тамызда «Қайрат» сенсациялық түрде «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. УЕФА бұл тарихи жетістікке ерекше тоқталып, алматылық клубтың ойыншысын матчтың басты кейіпкері деп атады.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін «Қайрат» кем дегенде 18,62 миллион еуро жүлде қаржысын иеленді.