in

«Қайрат» – футзалдан ел чемпионы

«Қайрат» футзалдан ел чемпионатында жеңімпаз атанды. Олар төрт ойынға созылған кездесуде «Семейді» 4:3 есебімен жеңді. Жалпы серияда  3-1 (0:1, 5:3, 4:3, 4:3) есебі тіркелді. Осылайша, турнирдің алтыны –   «Қайратқа», күмісі «Семейге» бұйырды. Ал үшінші орын үшін кездесуде «Атырау» «Ақтөбеден» басым түсті. Нәтижесінде, «Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасына қатысады. 

«Қайрат футзал» – 2025 жылғы Қазақстан чемпионы! Біздің клуб 21-ші мәрте ел чемпионы атанды – бұл рекорд, бұл тарих! Осы жолда бізбен бірге болған барлық жанкүйерге алғысымыз шексіз. Сіздердің қолдауыңыз – әрбір жеңістің негізі. Біз – Қайрат! Біз – Чемпионбыз!» деп жазды клуб әлеуметтік желідегі парақшасында. 

 

Айбике ЖАНАСЫЛ