Қылышпен айқасудан Мадридте (Испания) өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын Қазақстанның ерлер құрамасы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, ауқымды халықаралық турнирде ел намысын төрт спортшы қорғайды.
Жүлде үшін Артём Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бақ сынайды.
Әлем кубогының кезеңі 23 мамырда басталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.