in

Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде жеңіске жетті

Ұлттық олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста топ жарды.

Ол болгарилық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.