Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеке спорттық клубын ашатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осылайша спортшы енді бапкерлікті де қолға алмақ.
«Жуырда «Әбиба» дзюдо клубы ашылады. Менің клубымның жаттықтырушысы Асылбек Шаханов және өзім боламын. Оқу-жаттығуларымның көбі Астана қаласында өтетіндіктен, жиі барып тұрамын. Өз оқушыларыма тәжірибелеріммен бөлісіп, білгенімнің бәрін үйретемін. Олардың чемпион болуына бар күшімді саламын. 6-17 жастағы қыз-ұл балаларды қабылдаймыз», – дейді Әбиба Әбужақынова instagram парақшасында.
Әбиба Әбужақынова – әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2 дүркін қола жүлдегері.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.