Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 48 келіге дейінгі салмақта ресейлік Марина Воробьевамен белдесті. Отандасымыз қосымша уақытта тиімді әдіс жасап, жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Мағжан Шамшадин келесі айналымға өткен болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.