in

Әлем чемпионаты: ел қоржынына екінші алтын медаль түсті

Таэквондодан Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші алтынмен медаль толықты.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, 65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жантөре Сағынғали финалда украиналық Максим Шудженконы сенімді түрде жеңіп шықты.

Сондай-ақ жарыстың үшінші күні Қазақстан екі қола медаль жеңіп алды: жүлдегер атанғандар – Алла Цой (47 келіге дейін) мен   Аида Ғожалымова (51 келіге дейін).

Еске сала кетейік, бұған дейін 61 келіге дейінгі салмақта Хамзаальпер Ромашкин әлем чемпионы атанған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.