in

Әлем чемпионаты: Санатәлі Төлтаев өзбек боксшысынан жеңілді

Дубайда бокстан IBA ұйымдастырып жатқан әлем біріншілігі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.

67 кг салмақта өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда Олимпиада чемпионы өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевтен (1:4) жеңілді.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатының ширек финалында Мирослава Капулер-Ищенконы (Израиль) мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.