Бүгін Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан құрамасынан алғаш болып шаршы алаңға Элина Базарова шықты. ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ол алғашқы кездесуін өзбекстандық Нигина Уктамоваға қарсы өткізді. Нәтижесінде, өзбекстандық боксшы басымдық танытып, жеңісті суырып алды.
Сондай-ақ бүгін Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.