in

«Өзім дұрыс деп санаған жолмен жүремін»: Назым Қызайбай өзін сынағандарға жауап берді

Бокстан әлемнің үш дүркін чемпионы, Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай әлеуметтік желіде өзін сынағандарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Спортшы өзінің іс-әрекеті мен образына байланысты жағымсыз пікір жазатындарға арнайы жазба арнады.  Спортшы нағыз мықтылық ешкімге зияныңды тигізбеуде екенін атап өтті.

«Адамдар әрқашан теріс пікір айтуға себеп табады. Біреу қызғаныштан, біреу назар аударту үшін, ал біреу өз ішіндегі бақытсыздығынан. Бірақ бұл мені ешқашан алаңдатпайды. Себебі мен кім екенімді, қандай жолда жүргенімді білемін. Көпшілігі өзін «мінсіз» етіп көрсеткісі келеді, қателік жасамайтын періште секілді. Бірақ өмірде әркім тек өз ісіне ғана жауапты. Өз таңдауыңа, өз сөзіңе, өз қадамыңа. Басқаларды сынау әлсіздіктің белгісі ғана. Мен біреуге ұнау үшін өмір сүрмеймін. Өзім дұрыс деп санаған жолмен жүремін. Өзімді таныған кезде, басқалардың сөзі құнын жоғалтады. Мен ешкімге жамандық тілемеймін. Ешкімге әдейі зиян келтірмеймін. Бұл – мен үшін ең басты қағида. Өмірде бәріміз қателесеміз, бәріміз әртүрлі жолдамыз. Бірақ менің таңдауым – өз жүрегім таза болсын. Адамдарға жақсылық тілеп, өз жолыңмен сенімді жүру – ең үлкен күш. Себебі мықтылық біреуді сынауда емес, ешкімге жамандық жасамауда», – деді боксшы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.